«Адамның реніші тамшыдай жиналып, шарасынан асып төгілетін кез болады. Сол сияқты кісінің бір кездегі біреуге деген ықыласы жіңішкеріп барын, үзіліп кетеді. Бүгінгі кездесу Ләззат көңілінде қалған қимастықтың соңғы талшығын үзді. Ләззат терезе алдында. Ауыр ойда. Кеудесі толқып басылады. Бірте-бірте сынық жүзі анық көрінеді. Шашына ертерек ақ кірген, есейіп келе жатқан'әйел. Біз оны үлкен күйзеліс халінде көріп отырмыз. Анасы кіреді. Қызының қиналып тұрғанын байқайды. Аз уақыт үнсіз бақылайды, Ләззаттың қасына келеді...