С.Ахмед «Келіндер көтерілісі»

 Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында ескі тәртіптің арасындағы конфликтіге негізделген ене мен келін арасындағы қарым-қатынас. Өмір бір орнында тұра ма?! Қойылымда әулеттің берекесі мен балаларының ауызбіршілігін  сақтауды ойлап, ұлттық дәстүрді ұстанған адуынды ененің қалыптасқан тірлігіне  қарсы шыққан әзілге толы келіндердің әрекеті көрсетіледі. Қойылымның премьерасына еліміздің сүйікті актрисасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Парасат». «Құрмет» ордендерінің иегері, жерлесіміз Л.Кәденова Форман бибінің рөлін сомдауға арнайы шақырылып отыр.

Қойылым премьерасы а.ж. ақпан айының 15-16-18-19-ы күндері сағат 19.00-де, ал, 17 ақпанда (жексенбі) сағ. 18.00-де қойылады.