Қойылымда көзбояушылық, жағымпаздық, парақорлық сияқты қоғамдағы келеңсіздіктерді әжуалайды. Өз заманында дүниеге келген әйгілі туынды бүгінгі күнге дейін көрермен  сұранысына ие. Сондықтан, бұл қойылым әлеуметтік-саяси комедия болып табылады.

Пьеса: шағын қалада ревизордың келуін күтіп жүрген шенеуніктер басқа адамды ревизор деп асығыс қабылдағанын, ал, нағыз ревизор келген сәттегі мемлекет қызметіндегі шенеуініктердің  іс-әрекеттері жайында  баяндайды.Бұл қойылымда күйініш басым ба, сүйініш басым ба? Оны театрға «Ревизордан» бұрын келіп отырсаңыз байқайсыз. Иә, театрға асығыңыздар, «Ревизор келе жатыр!..»