Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармониясының 75-ші концерттік маусымының ашылуына орай А. Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің «АЯУЛЫ МЕКЕНІМ» атты МАУСЫМАШАР концертіне шақырамыз! Кеш қонақтары: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлзат Дәуірбаева (Алматы қ.), ҚР мәдениет саласының үздігі, қобызшы Кенжегүл Мұсаева (Нұр-сұлтан қ.). Кешке қатысатындар: ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жайлау Асылханов, Светлана Айтбаева және Ақтөбелік өнер жұлдыздары. Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов. Оркестрдің бас дирижері ҚР мәдениет саласының үздігі Мадина Қабижанова. Ұлттық өнер ән мен күйді , Еуропаның үздік классикалық шығармаларын тыңдауға құмар болсаңыз, концертке асығыңыз! Кеш жүргізушісі: ҚР Мәдениет саласының үздігі
Орал-Қосай Байсеңгір.