2019 жылдың 20 қазан күні «Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен қаланың 18-29 жас аралығындағы тұрмыс құрған жас келіншектер арасында «Үлгілі келін – 2019» атты қалалық байқауының өтетіндігін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты:
- Келіндеріміздің қазаққа тән ибалық, нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін байқау
- Келіндеріміздің қолөнерге бейімділігін байқау
- Аспаздық өнерлерін көру
Келіндердің өнеріне баға беру
 
Сайыстар: 
1. «Ас адамның арқауы» сайысы. 
І. Сайыстың мақсаты.
- Қонақжай қазақ халқына тән бірден-бір қасиет дастархан жаю даналығын насихаттау.
- Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктігін, жасалуын көрсету.
ІІ. Сайыстың міндеті.
- Байқауға қатысушы келіндеріміздің ұлттық тағамдарды дайындау және дастарханды безендіре білу өнерін паш ету.
ІІІ. Сайыстың шарттары.
- Сайыс 3 кезеңнен тұрады:
1) Қамыр илеу, жаю.
2) Дастархан безендіру.
«Негізгі бөлім»
2. «Келін, келін, келін бақ 
      Келмей жатып сөзін бақ» таныстыру сайысы   (3-5 минут)
І.  Сайыстың шарттары.
- Қатысушы еркіне қарай өзін-өзі таныстыру. (Көркем сөз, өлең, көрініс, слайд түрінде тағы басқа.......)
ІІ. Сайыстың міндеті.
- Әр арудың бойындағы өзіне тән ерекше өнерін айқындап, көпшілікке паш ету.
3. «Әр елден келін келер, әртүрлі өнер көрсетер» сайысы (5-10 минут).
І.  Сайыстың шарты.
- Өз еркіне қарай өнер түрін анықтап орындау.  
4. «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» сұрақ-жауап сайысы.
І. Сұрақ  түрлері
Интелектуалды;
Салт-дәстүр;
Ситуациялық;
5. «Сән көрсетілімі»
І. Кезеңдері
Күнделікті үй киімі,
Ұлттық киім үлгісі,
Кешкі сән көйлегі.
І. Шарты
Үшінші кезеңге жұбайымен (күйеуімен) бірге шығуы керек!
ІІ. Сайыстың мақсаты.
- Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің кез-келген уақытта де өзінің маңызы мен мәнін жоймайтындығын, нәзіктіктің символы болып, шынайы қазақи сұлулықты танытатын бірден-бір нышан екендігін дәлелдеу.
 
Сұрақтар бойынша: Бахытжанова Гаухар 44-57-52