Қарақаттың Ақтөбедегі мектебі бір жылдығын атап өтпек
Ақтөбедегі «Қарақат» мектеп студиясының ашылғанына бір жыл
толды. Осы орайда республикаға танымал өнер иелері Ақтөбеге келеді.
«Қарақат» мектеп студиясы республиканың 8 қаласында орналасқан. Бір жыл
бұрын Ақтөбе қаласында да ашылды. Осы орайда өнер мектебінің шәкірттері
мен ұстаздары бір жылдығын атап өтпек. 200-ге жуық шәкірт үлкен сахнада
өнерлерін көрсетіп, ұлттық ән-күй мен жырдан шашу шашады.
-
Домбыра, дәстүрлі ән, жетіген аспаптарын қолына ұстамай келген
оқушылар бүгінде аспапта керемет ойнайды. Ұлттық өнерді ұлықтаған
оқушылар осы мектеп студиясына келіп жүр. Бүгінде білікті мамандарымыз
өнерге талпынған ұл мен қызға сапалы білім береді. Бас ұстаздарымыз
Қыдырәлі Нұртайұлы мен Қарақат Әбілдина. Бір жылдық концерттік
бағдарламаға қонақ ретінде жерлесіміз Айгерім Мамырова, «Қазақстан
дауысы» жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет арнайы келеді,-дейді
директор Бексұлтан Қосаев.
Айта кетейік, мерекелік кеш қараша айының 25 күні 19:00-де басталады.
Өнерлі жас шәкірттер мен кеш қонақтары ақтөбеліктерді «Өнер орталығы»
ғимаратында күтеді.