Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы көрерменге туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға жетелейді. Ауылда науқас баласымен қалған ана мен қалада тұратын балаларының кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, еріксіз мұңға бөлейді. Психологиялық драманы көре отырып, әрбір көререннің алдына туған ел ғана емес, туған шаңырақ пен ата-ана алдындағы перзенттік парызы атойлап шыға келеді. Көрерменге көп ой салып, жанарына жас үйірілтетін осындай шығарма жан дүниенің таза болуына үндейді.
1️⃣7️⃣-желтоқсан
1️⃣8️⃣:3️⃣0️⃣
Билеттерді театр кассасынан және тикетон сайтынан онлайн түрде ала аласыздар!
215121