Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы режиссер Мейрам Хабибуллиннің қоюымен С.Ахмадттың «Келіндер көтеріліcі» комедиясын (аударған Асқар Сүлейменов) сахналайды.

Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында ескі тәртіптің арасындағы конфликтіге негізделген ене мен келін арасындағы қарым-қатынас. Өмір бір орнында тұр ма?! Қойылымда әулеттің берекесі мен балаларының ауызбіршілігін  сақтауды ойлап, ұлттың дәстүрді ұстанған адуынды ененің қалыптасқан тірлігіне  қарсы шыққан әзілге толы келіндердің әрекеті көрсетіледі.