Орыстың әйгілі жазушысы Н.В.Гогольдің  қаламынан туған қай шығарма да театр сахнасынан өзіндік орнын тауып, жылдармен бірге жалғасып келеді. Биылғы Қазақстан халықтары Асссамблеясының 20 жылдығы тұсында шығармада негізгі оқиғалармен бірге  туысқан халықтардың ән-билері  орнымен пайдаланылған.

Дворянға күйеуге шығуды армандаған көпес қызы Агафья Тихоновнамен танысуға келген күйеулер небір күлдіргі жағдайларда көрінеді. Ал, қалыңдықтың көңілі түскен Подколесин соңғы сәтте өз бақытынан бас тартып, терезеден қашып кетеді.  Өздерінің байлыққа бас ұрған есепшілдігінен, өзімшіл таяздығынан өздері зардап шегіп жүрген, бірақ, онысын өздері сезбейтін адамдардың аянышты тағдырлары.