АХТАНОВ театрында көптен күткен жаңа қойылым... ⠀

Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» драмасы. ⠀

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі шынайылық пен сезімге, сүйіспеншілікке толы екі ғашықтың кіршіксіз таза махаббат хикаясы. Сарыбай мен Қарабай күні бұрын Қозы мен Баянды атастырып, кейін келе сараң Қарабай жетім ұлға қызын бергісі келмей Қодарға қоспақшы болады. Қос ғашықтың тастай берік махаббаты бұл зұлымдыққа қарсы тұра алатыны хақ.