18+

Елорда жастары Ақтөбеде

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Менің елім" тарихи-өлкетанымдық жобасының ІІІ кезеңі бастау алды. 

Аталған шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында жазылған "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Қазіргі таңда бірінші аялдама - Ақтөбе қаласы болып отыр. Бұл кезең еліміздің батыс өңірін қамтитын болады.

Осыған орай, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің белсенді жастары біздің делегацияны қарсы алып, келген қонақтарды Ақтөбе қаласымен таныстырып, университет қабырғасында кездесуге қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ЕҰУ мен АӨМУ өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті.  Тамаша кездесі "Жастар үйі" өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, қорытындыланды.