18+

Тегін кір жуу мүмкіндігі бар

Жуырда Ақтөбеде "Чистюля" деп аталатын кір жуатын бөлмесі ашылды. Бүгінгі таңда оның жұмысы қарқынмен дамып келеді. Бұл бөлменің басты ерекшелігі - олар қала тұрғындарына тегін қызмет ұсынады. Ең бірінші кезекте - студенттер мен көмекке мұқтаж жандар.

Қазіргі күні төрт кір жуғыш машинасы бар бөлме жұмыс күдері сағат 18:00-ден бастап, 21:00-ге дейін жұмыс жасайды. Ал демалыс күндері болса, 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін ашық болады.

Жоба жетекшісі Асхат Қажғалиев жұмыс күндері, күніне он шақты адам келетінін, ал демалыста 40-қа жуық қала тұрғыны келетінін ерекше атап өтті:

"Біздің ұжым "Zhasproject" деп аталатын әлеуметтік жоба аясында ашылды. Адам көп келеді, барлығына көмек көрсетуге дайынбыз. Жоспарда тағы да қызмет көрсету үшін кір жуғыш машинасын алу мақсаты көзделіп отыр", - дейді ол.