18+

Ақтөбеде қорытынды жәрмеңке өтеді

Қаланың 40-тан астам жергілікті тауар өндірушілері, шаруа қожалықтары және ірі көтерме жеткізушілері қатысатын қорытынды жәрмеңкесі ертең, 3 қараша күні "Әлия"" сауда базарының алдында өтеді.

Өндірушілер мен жеткізушілер өз өнімдерін тікелей сату мүмкіндігіне ие болып, тауарларын 10-15% төменгі бағада ұсынады.

Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары! Аталған жәрмеңкеге қатысуға және қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!