18+

Ақтөбеде жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Ақтөбеде қаланың 40-тан астам жергілікті тауар өндірушілері, шаруа қожалықтары және ірі көтерме жеткізушілер қатысқан, солардың ішінде ірі компаниялар: «Актобе Жылыжай» ЖШС, «ИзетГринхаус» ЖШС, «Болат ЛТД» ЖШС, «Айбек» АӨК, «Базарларды басқару», «АгроОптСервис» ЖШС, «Алдияр» ШҚ және т.б. бар ауқымды жәрмеңке өтті.
 Мұндағы мақсат – бірін-шіден, халықты сапалы да табиғи өнім түрлерімен қамтамасыз ету болса, екіншіден,  шаһардағы азық-түлік бағасының беталды шарықтап кетуінің алдын алу десек те болады.

Мұндағы өнімдер облыс тұрғындарына төмендетілген қолжетімді бағамен сатылып жатыр, ол дегеніміз, күнделікті базар бағасынан 10-15 пайызға арзан.