Осыған орай, Ақтөбеде "Парасатты өмір" атты аймақтық форум кең көлемде аталып өтті деп хабарлайды "Ақтөбе ақпарат".
Шараға облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мүгедектер бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Сапар барысында Бердібек Машбекұлы мүгедектер құқықтарын қорғау қозғалысына қосқан қомақты үлесі үшін 5 үкіметтік емес ұйымдар басшыларын және жоғары нәтижелерге қол жеткізген мүмкіндігі шектеулі 10 азаматты Алғыс хатпен, естелік сыйлықтармен марапаттады.