Ақтөбеде волейбол спорты ерекше қарқын алып келеді. Ала допты алақанында ойнатқан волейболшылардың шеберлігі Түркістан облысында өткен сайыста тағы да бір мәрте сыналды.
"Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-ңің хабарлауы бойынша, Қазақстан Республикасының Чемпионатына спортты жанына серік еткен 2003-2004 ж.т жасөспірімдер қатысты.
Алаңға жиналған 15 команда арасында қызу ойын жүрді.
Ойын нәтижесінде Ақтөбе облысының спортшылары бірінші орынды иеленді.