18+

Бала өліміне кім кінәлі?

Ақтөбедегі "Нұр Ақтөбе" ықшам ауданында жуырда қайғылы оқиға орын алды. Әлеуметтік желіде тараған видеода көрсетілгендей, оқушы жедел жәрдем көмегін күтпей, көз жұмған. Ата-анасы медициналық көмекті 50 минут күттік дейді. Болған оқиғаға олар  жедел жәрдем қызметкерлерін кінәлап отыр.

"Қызым ауырып отырса да, күліп-ойнап жүрген. кенеттен қызуы көтеріліп, денесі тырысып қалды. Медициналық көмекті қайта-қайта шақырып, хабарластық. дегенмен, олар кеш келді." - дейді анасы Динара Баймағамбетова.

Отбасында мұндай жағдай екінші рет орын алып отыр дейді. осыдан жеті жыл бұрын дәл осылай Айгерім есімді қызынан айрылып қалыпты. Сондықтан анасы полицияға арыз жазғандығын айтты.