Қарттарым – асыл қазынам! Осыны ұран еткен Ақтөбелік жастар ардагерлермен кездесті. "Ақтөбе жастары" еріктілері "Ардагерлерді ардақтайық" акция аясында Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік танытқан Зинаида Гусмановамен жолықты.
1923 жылы Астрахань қаласында дүниеге келген ол, 1942 жылы Ульяновск қаласы 21-полк байланысында өз еркімен радиобекет лауазымында қызмет атқарған. Кіші сержант лауазымынан бастап 1-ші сержант лауазымына дейін көтерілген.
Ардагеріміз «За победу над Германией» құрмет ордендерінің иегері, екінші топ мүгедегі. Қарт жауынгерлер өздерінің ұрыс даласындағы ерліктері жайлы жастарға естеліктер айтып, ыстық ықыластарын жеткізді. Сонымен қатар, жастарға бейбітшіліктің қадірі туралы сөз қозғап, қойылған сауалдарға жауаптар берді.