18+

Ақтөбе театрының да өз "Гамлеті" бар

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы режиссер Мейрам Хабибуллиннің қоюыменУ.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясын (камералық нұсқада) сахналайды. Қойылым премьерасы а.2018 жылдың қараша айының 14-ші жұлдызында сағ.19.00-де болады. Уильям Шекспирдің "Гамлет" трагедиясы моноспектаклінде Гамлеттің бейнесін театрдың талантты жас актеры Бағдат Телеуғалиев сомдайды.

Гамлет трагедиясы – адамзат трагедиясы. Сатқындық пен жалғандықтың, сүю мен жек көрудің, ар-ұят пен адамдық қасиеттің құрбаны. Әке өлімі оны әлеммен бетпе-бет беттестірді. Ол үшін өмір неге соншалықты құнсызданды? «Болу ма? Әлде бордай тозу ма?» Бірақ адамзаттың  мәңгілік сұрағының жауабы әлі де жоқ.

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы Т.Ахтанов көшесі 52,

Билет бағасы: 1000 тг

Билеттерді театр кассасынан 21-51-21 және TICKETON.KZ сайтынан онлайн билет сатып ала аласыз.