18+

Ақтөбеде ескі лифттер жөнделеді

«Ақтөбе қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ көп қабатты үйлердегі лифтерді жергілікті бюджет есебінен ауыстыруға болатындығы жөнінде қала халқын хабардар етеді. Ағымдағы жылда пәтер иелерінің бастауымен 5 лифт ауыстырылған болатын.

Егер Сіздің үйіңіздегі лифт жарамсыз күйге түссе, тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін Сізге дер кезінде оны ауыстыру бойынша шара қолдану қажет. Жергілікті бюджет есебінен лифті ауыстыру үшін жалпы тұрғындардың жиналысын өткізіп, ортақ шешім қабылдау қажет. Бір лифттің құны жинақтау құрылыс жұмыстарымен бірге шамамен 7 млн тг құрайды, алдағы уақытта әр пәтердің айлық төлемі 3000 тг құрайтын болады. Лифт орнатуға қала бюджетінен жұмсалған қаражатты тұрғындар 15 жыл ішінде пайызсыз қайтаратын болады.