18+

Ақтөбеде жаңа көтерме базары ашылды

Аталмыш базарда қажетті тауарлар арзан бағада сатылатын болады, деп хабарлайды City04.kz.

"Алматы" көтерме базарының салтанатты ашылу рәсіміне облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты. 

30-ға жуық сауда павильонында  көкөніс, ет, жеміс-жидек, балық және бакалеялық тағамдардың түрлері бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тауарларды тікелей сататын болғандықтан, оның бағасы әдеттегі дүкендерден қарағанда анағұрлым төмен - 20-30 пайызға дейін.

Бұл Ақтөбедегі үшінші көтерме базары, оның екеуі - осы қараша айында өз жұмысын бастаған болатын.

Келесі жылы нарықта жабық павильон мен кеңсе ғимаратын салу жоспарланып отыр.