18+

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы саласы одан әрі дамиды

Ақтөбе облысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылы ауылшаруашылық саласында бірқатар жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр деп хабарлайды City04.kz.

Өсімдік шаруашылығы бойынша – 5 га учаскеде 2 жылыжай кешенін салу - инвестиция көлемі - 6,0 млрд.теңге, нәтижесінде көкөніс өндіру көрсеткіші жылына 3,0 мың тоннаға дейін артады.

Қаламызда суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасын табуда, Азия даму банкінің (АБР) қаржысы есебінен суармалы жер көлемін 6 016-дан 8 872 гектарға дейін көбейту жоспарланып отыр, бұл картоп пен көкөніс өндіру және жем-шөппен қамтамасыз ету көрсеткіші отыз пайызға өседі деген сөз.

1500-2000 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңдары салынады, инвестиция құны - 700,0 млн.теңге, жыл сайынғы ет өндіру көлемі 6,0 мың тоннаға өседі деп жоспарлануда.
Әрқайсысында 100 бас малдан бар 2 сүт-тауарлық фермалары, оған бөлінетін қаражат- 600,0 млн.теңге, соның салдарынан жыл сайынғы сүт өндіру көлемі 500,0 тоннаға арттыру көзделіп отыр.
Алдағы жылы ветеринарлық станция ғимаратының құрылысы жүргізіледі, жобаның құны - 130,0 млн. теңге, аталған құрылыс халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын және ветеринария саласындағы қауіпсіздікті арттыруға жағдай жасайды.