18+

Ақтөбеде әйелдерге арналған сән үлгілері көрсетілді

Фото: Ақтөбе ішкі саясат басқармасы

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің «Руханият» музейінде "Медина" тігін цехы және "МEDINA_KZ" сән үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе ішкі саясат бөлімінің хабарлауыншы, шара барысында жиналған қонақтарға қазақы нақыштағы ұлттық салт-дәстүрімізбен үйлестірілген қөлөнер бұйымдары мен әйел жамағатына арналған киімдердің сән үлгілері көрсетілді. Сән үлгісінің көрсетілімін тамашалау сәтінде тігін шеберлері қонақтарға қазақ халқымыз қазыналы салт-дәстүріміздегі ұлттық киім үлгілерінің ерекшеліктіріне тоқталып өтті.

Бұл шараны Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы ұйымдастырды. Сондай-ақ салтанатты шараға Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан, облыстық дін істері басқармасы және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының» мамандары, «Атамекен» ҰКП жанындағы іскер әйелдер кеңесі, облысымызға танымал дизайнерлер мен кәсіпкерлер қатысты. Аталмыш шара барысында өкіл имам ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, бұл бастамаларына сәттілік тіледі.