18+

Ақтөбеліктер жеңіс тұғырынан көрінді

Фото: Облыстық спорт басқармасы

Ақтөбелік Мейрамбек Қартбай еркін күрестен ҚР V спартакиадасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды City04.kz.

57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мейрамбек еркін күрес бойынша Ақтөбе қоржынына алтын жүлдені алғаш болып салды. 

Айта кетейік, Шымкент қаласында күрес түрлерінен ҚР V спартакиадасы өтіп жатыр. Әзірге аймақ спортшыларының еншісінде 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар.