18+

Ақтөбе спортшылары биіктен көрінді

Шымкент қаласында күрес түрлерінен ҚР V спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, жарыс нәтижесінде, еркін күрес бойынша ақтөбеліктердің еншісінде 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.

Атап айтқанда, алтын жүлдені 57 келіде Мейрамбек Қартбай иеленсе, күмісті 120 келіде Юсуп Батырмурзаев қанжығасына байлады. Сондай-ақ, қола жүлдеге 70 келіде Амандық Бакеев, 79 келіде Абылайxан Нұрсұлтанов, 120 келіде Думан Бөлтіріков қол жеткізді.