18+

Ақтөбе облысында үй өртенді

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында өрт жағдайы орын алды, деп хабарлайды City04.kz. 

2019 жылдың 15 ақпан күні сағат 15:57 шамасында №17 өрт сөндіру бөлімінің ауысым демалысындағы жүргізуші қызметкері Баймурзин К.Қ жеке шаруасымен Шалқар қаласы  Есет Көтібарұлы көшесімен өтіп бара жатып, көше бойында үй жанып жатырғанын көрген.

Ол бірден 101 нөмеріне xабарлап, кейін үйде адам бар-жоғын анықтауға кіріскен. Нәтижесінде6 үйде адам бар екенін аңғарған. Шошынып қалған қарт кісі, азаматша 64 жасар ПернегүлНамаева жылу батериясында жайылып тұрған орамалға орап сыртқа шығарған.

"Өртті байқап, адам өміріне араша түскен осындай ерлік жасайтындай азаматтарымыз көп болсын! Құдайдың көмегі шыған, егер де осы бала болмағандане күтетіндігін кім біледі", - деді Пернегүл Намаева.

Альбина Алдрапекова