18+

Ақтөбелік спортшы қыздар жүлдемен оралды

Фото: Облспорт Актобе

Наурыздың алғашқы күндері Атырау қаласында дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Жарыс қорытындысында, ақтөбелік спортшы қыздарымыз жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 70 келіде Мереке Аяла және 78 келіде Аруана Жангельдина 2-орынға, 57 келіде Нұржамал Жарманова және 63 келіде Гүлвира Бисенғалиева 3-орынға ие болды.