Осы жылы Ақтөбе облысында805,1 мың гектар жер егіледі деп жоспарланып отыр. Былтырмен салыстырғанда егіс алқаптары 10 пайызға дейін немесе 51,4 мың гектарға өскен. Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин мәлімдегендей егістік жерлерінің 56 пайызы немесе 451 мың гектар алқап дәнді дақылдар егуге бөлінген, деп хабарлайды City04.kz.
Көктемнің ерте шығуына байланысты қазіргі таңда облыстың барлық аудандары мен Ақтөбе қаласы егу жұмыстарымен белсенді айналысып жатыр. Мавр Абдуллин бүгінде облыстың қолда бар дәнді дақылдар қорының 99,8% -ы – бірінші және екінші кластық таза сұрыпты тұқымдар екенін атап өтті. Техниканы дайындау және отын сатып алу жұмыстары жалғасуда. Осы жылы біздің облысқа 8,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Мавр Абдуллин бұл көлем егіс науқанын толық аяқтау үшін жеткілікті деп сендірді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда облыста көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың орын алу қаупін азайту шараларын жүзеге асыру жалғасуда.
Су басуға жол бермеу мақсатында елді мекендерден 260 мың текше метр қар шығарылды. Ыдысқаптар, жанар-жағармай, инерттікматериалдар қоры жасалды. Қаңтар айынан бастап Елек пен Қарғалы өзендерінің бассейндерін ай сайынғы маршруттық тексеру басталды. Бүгінде облыстағы үш ірі - Ақтөбе, Қарғалы, Сазды су қоймаларының барлығы да жартылай толтырылған.