Ақтөбе облысының әкімі жол-көлік апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды City04.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 18 наурыз күні, таңертең Жаңажол-Северная трува» автотрассасында «Урал» су тасымалдаушысы және күзет фирмасының қызметкерлерін алып келе жатқан «ПАЗ» автобусы соқтығысты. Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаның салдарынан автобустың жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды. Автобустың тағы 9 жолаушысы және су тасушының жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасының себептері зерттелуде.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Мұғалжар және Темір ауданының әкімдері қаза тапқандардың, зардап шеккендердің туыстарына қажетті көмек көрсету және тергеу іс-шараларын жүргізу үшін оқиға орнына жолға шықты.