Ақтөбелік балуан Юсуп Батырмурзаев еркін күрестен U-23 Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды City04.kz.
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жерлесіміз 125 келі салмақ дәрежесінде 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қарсыластарына бір ұпай бермей жеңімпаз атанды.