18+

Ақтөбеде үстел теннисінен ел чемпионы анықталады

Ақтөбеде үстел теннисінен 2001 жылы туылғандар және одан кіші туылған спортшылар арасында ел чемпионаты бастау алды, деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, чемпионатқа республикамыздың 15 облысынан спортшылар қатысып жатыр.

Атап айтқанда, 24 ер командалары мен 19 қыз командалары өз бақтарын сынауда. Сондай-ақ, бүгінгі өткен чемпионаттың салтанатты ашылуына басқарма басшысы Мейрамбек Маxамбетов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Аталмыш чемпионат 29 наурызға дейін жалғасын табады.