18+

Баскетболдан үздіктер анықталды

Ағымдағы жылдың 30-31 наурыз күндері Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай V-ші жазғы қалалық спартакиада өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Спартакиада бағдарламасы бойынша баскетболдан ерлер және әйелдер әуесқой командалары қатысты. Аталған жарысқа 7 ерлер және 6 әйелдер командасы қатысып, өз күштерін сынап көрді.

Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында 1 орын – «ТОР» командасы, 2 орын – «АЗФ» командасы, 3 орында – «Ақтөбе HILLS» командасы жеңіп алса, әйелдер арасында 1 орын – «Тигрицы» командасы, 2 орын – «Снайперы» командасы, 3 орынды – «Мұрагер» командасы қанжығасына байлады.