18+

Темір ауданында Ақтөбе-Астрахань тас жолының құрылысы басталып кетті

Ақтөбе-Астрахань тас жолының құрылысын жүргізуші «СинеМидасСтрой» ЖШС мердігер компаниясымен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды City04.kz.

Құрылыс жұмыстарына 80 техника мен 200 жұмысшы жұмылдырылуда. Осыған орай, Темір ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Нукушев және Темір аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері, мердігер компанияның басшыларыныңқатысуымен кездесу өтті.

Жиналысқа қатысушы жұмысшылар және жүк көлік жүргізушілері, жанар-жағар май құюшылар, күзетшілер, аспазшылар мен басшы құрам қызметкерлеріне көліктегі өрт қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, кездесуде қол өрт сөндіргішті пайдалану тәсілі практикада көрсетілді.

"Қандай да бір өрт жағдайы орын алған кезде үрейге бой алдырмай, сабырлық сақтап, 101 немесе 112 нөміріне телефон шалу қажеттігін айтып, естеріне салдық", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Жиналыс соңында жұмысшылардың пікірлері тыңдалып, көкейде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар берілді.