Бүгін, 11 сәуір күні Әбілқайыр хан даңғылындағы көп қабаттты үйден шыққан өртке байланысты Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин шұғыл жиын өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары, ТЖД бастығы, қала әкімі және жауапты органдар басшылары қатысты, деп хабарлайды City04.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықовтың хабарлауынша өрт 9 қабатты №73 үйдің балконынан шыққан. Өрт сөндіру жұмысына ТЖД-нің 29 қызметкері мен 8 бірлік техникасы тартылды. Өрттен үйдің тұрғындары зардап шеккен жоқ. Жалпы аумағы 6 шаршы метрді құраған өрт орнынан 50 адам эвакуацияланды.
Өрт болған жерге арнайы келіп тұрғындармен кездескен О.Оразалин түстен кейін барлық жауапты мемлекеттік органдарды жинап, арнайы тапсырмалар берді.