18+

Басшысынан соққы жеген жас маман

Күн көрсетпеген басшылыққа наразы болған жас маманның видеосын әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды Сity04.kz.

Аталмыш оқиға Пригородный орта мектебінде орын алған. Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан соққыға жығылдым деп шағымданған жас маман "бұдан әрі шыдай алмаймын" дейді. Оны соққыға жыққан мектеп басшысы болып шықты.

Желі қолданушыларынан «Басшысынан қысым көрген көрген қызға ұқсамайды», «Балаларымызды бұндай оқытушыларға қалай сеніп тапсырамыз?» деген пікірлер келіп жатыр.

Бұған Ақтөбе білім басқармасы басшысының орынбасары Сүлейменова Гүлназ Төрәліқызы: - Бұл оқиға жөнінде арнайы коммиссия құрылып,  тексеріліп жатыр. Оқиғаға қатысты басқа мәлімет бере алмаймыз,- дейді.