18+

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жазғы оқу кезеңі басталды

Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери бөлімдерде жазғы оқу кезеңінің басталуына орай әскери қызметшілер толық құрамда салтанатты сапқа тұрды, деп хабарлайды Сity04.kz.

Әскери қызметшілер алдында алдымыздағы оқу кезеңінде жауынгерлік даярлықтың деңгейін арттыру жөніндегі міндеттер тұр.

Сонымен қатар, бөлімшелерді шоғырланудың аяқтау кезеңінде әртүрлі тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі.

Бұдан өзге, жазғы оқу кезеңінде өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері «АрХО-2019» Халықаралық армиялық ойындарының 7 конкурсында қатысып, бақтарын сынамақ.