18+

Балалар да сайлауда

Қазақстан Президенттігіне сайлауға балалар да келіп қатысты, деп хабарлайды Сity04.kz.

9 маусым тарихи шараға келген сайлаушылар өздерімен бірге балаларын да ерте келіпті. 

"Қазірден бастап маңызды шараларға қатысудың жауапкершілігін сезіндірген дұрыс" деп есептейді қала тұрғыны.

Аталмыш күнде номері 77 ші сайлау бөлімшесіне келген балалар  шағын сыйлықтарға ие болды. 

Өздерінің ата-анасына демеу болып келген балалар Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған естелік сыйлықтар алып мәз-мейрам тарады.

Сондай-ақ, бүгінгі сайлауға алғаш болып қатысатындардың бірі Семён Анатольевич осы сайлау участкісіне өз дауысын беруге келіпті.

Оның айтуынша бұл шараға әркім өз еркімен ел тағдырын шешу үшін келеді.

- Менің жасым 19 да. Жас болсам да алғашқы сайлауыма асқан жауапкершілікпен келдім. Себебі, еліміздің тағдыры біздің қолымызда,- дейді Ақтөбе қаласының жас тұрғыны.