18+

Сіңірген еңбек еш кетпейді

   Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауында белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткен "Аманаттықтарды" алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды Сity04.kz.

Сайлау халық үшін басшыны таңдау ғана емес, биліктегі басшы азаматтарға Қазақстандықтардың үндеуін, қолауын, арман-мақсаттарын жеткізудегі бір бағыты болып табылады.

Дәл осы мүмкіндікті халықтың  пайдасына асыру үшін бақылаушы топ құрып әділеттік үшін жан салған "Аманат" азаматтық платформасының Ақтөбелік штабы құрған бақылаушы топ өз белсенділіктері мен атқарылған жұмыстарымен ерекше көзге түскен еді.

Оны байқаған Облыс басшысы Ондасын Сейілұлы еңбек еткен "Аманаттықтарды" арнайы сыйлықпен мараппаттап, алғысын білдірді.