18+

Ақтөбелік боксшы Нұртас Әжбеновтың бүгін туылған күні

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында туып өскен кәсіпқой боксшы бүгін мүшел жасқа толды, деп хабарлайды City04.kz.

Қандыағаштың ғана емес барша Ақтөбе өлкесінің бетке ұстары боксшы Нұртас Әжбенов 29 шілде күні 25 жасқа келді.

Аталмыш күн боксшы үшін де Ақтөбеліктер үшін де ерекше. Себебі, мүшел жасқа толып отырған танымал спортшы осы уақытқа дейін талай бәйгеден намысты қолдан бермей келді. 

Бокс спортында 307 жекпе-жек өткізіп, оның 257-сінде жеңіске қол жеткізген спортшы жеңісімен әрдайым қуантатын.

9 жасынан бокспен айналысқан Нұртас Әжбенов кәсіпқой боксқа ауысқалы бері бірде-бір рет жеңіліс көрмеген.

Бұдан бұрын соңғы кездесуінде тамаша жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Алдағы уақытта жетінші кездесуін өткізгелі отырған Нұртас Әжбенов нақты уақыты мен қарсыласы анық болмаса да қыркүйекте жоспарланып отырғанын айтты.

Ақнұр ҚУАНЫШ