18+

Министр Тұрғымбаев көлігінің алды мен артына екі түрлі нөмір тағып алған

Министр Ерлан Тұрғымбаев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтармен кездесуге Lexus маркалы қымбат көлікпен келіп-кетті.

Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен кездесуге 50-шақты адам келді, деп хабарлайды City04.kz  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз адамдар еліміздің барлық өңірлерін келді деп хабарлады.

- Сұрақтар көп болды. Мәселен, Павлодар мен Алматыдан қылмыстық істерді заңсыз тоқтатуға қатысты, тергеу жұмыстарына, полиция қызметкерлерінің жұмысына сын айтылды, - деп атап өтті Нұрділдә Ораз.

Сағат таңғы 10.00-де басталған кездесу 15:00-ге дейін созылды.

Ең қызығы, кездесуден шыққан министр журналистердің екі-үш сұрағына жауап берген соң Lexus 570 маркалы көлікке мініп, кетіп қалды. Сол жерде жүрген жұрт оның автокөлігіне екі түрлі нөмір тағылғанын байқап қойды: көліктің алдында 025 AW 01 деген нөмір, артында 046 KZ 01 деген нөмір тағылған екен.

Редакция ІІМ министрлігіне бұл факті жайында түсініктеме сұрап сауал жолдады.