18+

Конституция күнінде 37 отбасы баспаналы болды

Конституция күні мерекесіне орай жаңа баспана иелерін облыс әкімі Оңдасын Оразалин құттықтап пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе облысының тұрғындары «Бақытты отбасы» бағдарламасына белсенді түрде қатысып келеді.

Жаңа қоныс иелері – көпбалалы және толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Өз баспанасын олар «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында сатып алды.

Ал несие Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жылдық 2% мөлшерлемемен берілді.

Займ сомасының кемінде 10%-ын құрайтын бастапқы жарнаны өтеу мақсатында әкімдік «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыларға арнап тұрғын үй сертификатын ұсынды.