18+

Бейбіт елдің батыры оқушылармен кездесті

Бейбіт елдің батыры атанған Мұңалбек Құлымбайдың оқушылармен кездесу болып өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.

Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғановтың және Ақтөбе қаласының жастар мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетовтың бастамасымен №24 лингвистикалық мектеп оқушыларының Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері Мұңалбек Құлымбаймен кездесуін ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – 2 қазан күні Прохоров көшесінде бес қабатты үйдегі өрт кезінде ерлік танытқан батырымызды оқушыларға дәріптеу. Кездесу барысында Мұңалбек болған оқиғаны баяндап, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында Басқарма тарапынан Мұңалбекке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етілді.

Мұңалбектің батырлығы тек ғана оқушыларға емес, барша жастарға үлгі болары анық.