18+

Әуе Қорғанысы Күштері Әскери институтының үздік түлектеріне дипломдар табысталды

Оңдасын Оразалин Әуе Қорғанысы Күштері Әскери институтының үздік түлектеріне дипломдарын табыс етті, деп хабарлайды City04.kz.

Өңір басшысы ҚР Тұңғыш Президенті демалыс саябағында өткен Талғат Бигелдинов Әуе Қорғанысы Күштері Әскери институтының 2019 жылғы жас офицерлерді шығарып салу салтанатты шарасына қатысты.

Шара барысында үздік деп танылған түлектерге жоғары білім туралы дипломдары мен төс белгілерін табыстап, құттықтау сөз сөйледі. Атап кетейік, әскери институт қабырғасынан биыл 104 түлек бітірді.

Оның 94 курсанты қазақстандықтар болса, 10-ы Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары.Қалыптасқан дəстүр бойынша ƏҚКƏИ курсанттары өздерінің қару қолдану, яғни сапта тұрып қару қолдану дағдыларын көрсетті. Курсанттар бастапқы лейтенант атағын алып шықты.

Салтанатты шарада бірінші офицерлік вальс орындалды. Дəстүр бойынша түлектер алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті де, тиындар шашты.