18+

Ресей қазақ көмірін өз жері арқылы Украинаға өткізу квотасын арттырды

Бұған дейін рұқсат етілген транзит көлемі ай сайын 90 мың тоннадан аспаған.

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан көмірінің РФ аумағы арқылы Украинаға транзиті мәселесі бойынша келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан тарапы транзиттің рұқсат етілген көлемін айына 140 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан бұрын, ағымдағы жылдың шілдесінен бастап рұқсат етілген транзит көлемі ай сайын 90 мың тоннадан аспаған.

ҚР сауда және интеграция министрлігі ресейлік әріптестермен осы жылдың жазының соңынан бастап шектеулерді алып тастау жөнінде келіссөздер жүргізді.