18+

"Жирен шашты Канелоны ұрып құлатамын" – Сергей Ковалев

Ковалев пен Альварестің жекпе-жегі 2 қарашада Лас-Вегаста өтеді.

"Менің мақсатым – жирен чемпионды ұрып тастап, рингте би билеу", деді ресейлік боксшы Сергей Ковалев.

Бұл мәлімдемесін Сауль Альвареске қарсы өтетін жекпе-жегі қарсаңында Сергей Ковалев Instagram-дағы тікелей эфирінде жасады, деп жазады Sports.ru.

Ковалев пен Альварестің жекпе-жегі 2 қарашада Лас-Вегаста өтеді.

Ковалевтің кәсіпқой рингтегі статистикасы – 34 жеңіс, 3 жеңіліс, бір тең нәтиже.

Альваресте – 52 жеңіс, бір жеңіліс пен екі тең нәтиже бар.