18+

Ақтөбеліктердің айыппұлдарын тексеруін сұрайды

Ақтөбе қаласының полицейлері азаматтардан әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тексеріп, артық шығындарды болдырмау үшін берешектерді өтеуін сұрайды, деп хабарлайды City04.kz.

Сіздің әкімшілік айыппұл бойынша қарызыңыз бар ма, сондай-ақ оларды ұялы қосымшалар арқылы төлеуге болады: Кaspi.kz, egov.kz Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде және т.б.

- Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сізден құқықтық тәртіпті бұзбауды және заңмен белгіленген мерзімде айыппұл төлеуді сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, мерзімінде төленбеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген тәртіппен айыппұл сомасы мәжбүрлеп өндіріп алынуы мүмкін, - дейді Ақтөбе облысы ПД Баспасөз қызметі.