18+

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 06-11 қаңтар аралығында облыс аумағында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды City04.kz.

Іс-шара аясында халықаралық маңызы бар "Самара-Шымкент" тасжолының 843 шақырымында көлік жүргізушілеріне буклеттер, жаднамалар және авариялық-қауіпті учаскелердің карталарын таратумен қатар, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды.

2019 жылдың 12 айында "Самара-Шымкент" автожолында 108 жол- көлік оқиғасы тіркелді, онда 42 адам қаза тауып, 180 адам жарақат алды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерге және басқа да қозғалыс қатысушыларына жолдарда жылдамдық режимін асырмауды, жол-метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, ҚР жол-қозғалыс ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін есте сақтаңыз.