18+

Ақтөбеде шаңғы жарысынан фестиваль өтті

АҚТӨБЕДЕ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ,- деп хабарлайды City04.kz.

Кеше Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп №4 БЖСМ-де Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогі үшін облысымыздың намысын қорғап жатқан еліміздің болашақ олимпиада чемпиондарын қолдау мақсатында қысқы спорт түрлерінің фестивалін өткізді.

Жексенбі күні БЖСМ базасында 200-ге жуық адам жиналып, олимпиадашыларға қолдау көрсетуге келді. Стартта ең бірінші болып 7 жасқа дейінгі қатысушылар тізілді, олар 100 метр қашықтықты жүріп өтті. Ал ең үлкен жастағы қатысушылардың жасы 60-тан жоғары болды. Сондай – ақ, 14-39 жас аралығындағы қатысушылар шаңғымен 3 км қашықтыққа жарысты. Қатысушылардың жалпы саны 160 адамды құрады. Финишке келген алғашқы үштіктерге дипломдар мен медальдар табыс етілді.

Еске сала кетейік, республикалық жарысқа Ақтөбе облысынан 2002-2003 жылдары дүниеге келген 6 спортшы қатысуда. Бірінші және екінші тур нәтижесі бойынша жеңімпаздар жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсететін болады.