18+

Ақтөбеде шизофрения диагнозымен есепте тұрған азамат жоғалып кетті

 Ақтөбеде шизофрения диагнозымен есепте тұрған азамат жоғалып кетті. 48 жастағы тұрғын екі ай бұрын үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған. Қазіргі таңда бұл азамат іздестірілуде деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Пірмағанбетов Джамбул Муханбетович есімді азамат 2019 жылдың 9 желтоқсанында үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Ол осы күнге дейін үйіне қайтып оралмаған. 

Белгілі азаматтың екінші топтағы мүгедек , шизофрения диагнозымен психологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталып отыр.

Полиция қызметкерлері бұл азаматтың орналасқан жері туралы кімде-кім қандай да бір мәлімет білетін болса, міндетті түрде полицияға "102" нөміріне хабарласуларын сұрайды.