18+

Ақтөбеде «Ғасырлар ғұламасы» шарасы өтеді

Ақтөбеде 25 ақпан күні сағат "15:00-де қалалық мәдениет үйінің концерт залында ойшыл ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ағартушы Абайдың 175 жылдығына арналған «Ғасырлар ғұламасы» атты әдеби-музыкалық мәдени шара өтеді деп хабарлайды City04.kz.

Шарада ғасыр ғұламаларының жолын жалғастыру эстафетасын тапсыру рәсімі өткізу жоспарланып отыр.

⠀Шарада Абай өлеңдерінен терме шертіліп, өлең оқылатын болады. Сонымен қатар әдеби-музыкалық мәдени шарада бишілер де өнер көрсетпекші.